«Ашық есік күні»

2022 жылдың 8 маусым  күні сағат 16-00 де Шымкент каласында  Мемлекеттік кірістер департаментінде  сауатты кәсіби мамандардың кадрлық құрамын қалыптастыру және жоғарғы оқу орындарында экономика, құқық, және ақпараттық технология салаларына қатысты мамандықтарды бітірген түлектерді жұмысқа тарту үшін «Ашық есік күнін» Енбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәжіліс залында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі-Шымкент қаласы бойынша МКД) жауапты қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып өткізілді.

Іс-шараға бірнеше жоғарғы оқу орындары – М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универистеті, Шымкент университеті, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықстар достығы универистеті, Мирас университеті, Орталық Азия инновациялық университетінің студенттері қатысты.

Бұл іс-шара «Экономика және құқық» кафедрасының  4 курс  “Экономика”, “Қаржы”, “Есеп және аудит”, “Мемлекеттік және жергілікті басқару” және «Құқықтану» мамандықтарының студенттері мен кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Ұйымдастырылған «Ашық есік күнінде» Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің персоналмен жұмыс жасайтын бөлімінің басшысы Карабаева Айман Самбиевна, кадр және ұйымдастыру-қаржы жұмысы басқармасының басшысы Есқараев Боранбай Садықұлы басшыларымен кездесу өтті. Қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметке түсу шарттары және дарынды жастар үшін құрылған мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпараттар берілді. Сондай-ақ, түлектер мен студенттер сұрақтарын қойып, оларға кеңестер берілді.

«Ашық есік күнінің» басты мақсаты – жастар арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мен кәсіби кадр құрамын арттыру, жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кірістер органдарының еліміздің дамуы үшін үлесінің маңыздылығын жеткізу, оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе және ақпарат алмасу, жоғары оқу орындарының түлектерімен кездесу, салық, кеден ісі, заң, экономика мамандықтары бойынша болашақ мамандарды және IT-технология мамандарын Мемлекеттік кірістер органдарына жұмысқа орналастыруды қолданыстағы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” заңнамаға сәйкес түсіндіру болып табылады”.

Қазақстан Республикасының Салық және кеден заңнамасының негіздері туралы хабардар болу деңгейін арттыру және тұрақты өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе және ақпарат алмасу, сондай-ақ кәсіби дайындық процесінде инновацияларды енгізу Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жоқ орындарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізу.

Жас мамандар үшін, теориялық дағдыларды бекіту үшін Департамент мемлекеттік кірістер департаменті базасында студенттердің өндірістік практикадан өтуіне, практикалық тәжірибе жинақтауына көмек көрсетеді. Мекеме басшысшылары бізбен студенттердің өндірстік іс-тәжірибесін және дуалды оқыту бойынша келісім-шартқа турып, болашақта жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуге ниетін білдірді.

Scroll to Top