Озат студенттерге арнайы гранттар бөлінді

Ағымдағы жылдың 10-24 шілде аралығында өтетін жазғы мектеп оқыту бағдарламасына Мәскеу мемлекеттік тағам өндірісі университеті тарапынан,  келісім-шарт негізінде академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 6 студентіне арнайы гранттар бөлінген болатын.

Осыған сәйкес, 13 маусым күні академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің  ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Рабиға Әбдімұсақызы Қуатбекова университетіміздің техникалық мамандықтарда үздік оқитын 6 студентіне салтанатты түрде  гранттарды табыс етті.

Атап айтқанда, Сейдалы Ердаулет, Бейсенбаев Ескендир, Жарылкапов Уктурбек, Барыталиев Арсен, Алиханов Жасулан, Әбдімәлік Әшімхан-ең үздік студенттер атанып, аталмыш оқу орынының грантына ие болды.

Жазғы мектепке, студенттеріміз оқу бойынша Мәскеу мемлекеттік тағам өндірісі университетінің студенттерімен тәжірибе алмасып, оқу бағдарламаларымен танысып, білімдерін жетілдіретін болады.

Scroll to Top