Бүгін, университетімізде BІ Group инновациялық құрылыс холдингі атынан «Profi Time Astana» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (BI Group корпоративтік университеті BI University) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Жиырма жылдан астам тарихы бар оқу ордамызда білім берудің үш тұғыры: яғни, бакалавр-магистратура-докторантура бойынша 34-бакалавр, 13-магистратура, 3-докторантура мамандықтарына мамандарды даярлайды. Аталмыш мамандықтар бойынша он бір мыңға жуық студент білім алуда. Оңтүстік өңіріндегі техникалық мамандықтар оқытатын оқу орнының біріміз. Атап айтсақ, құрылыс, дизайн, сәулет, электроэнергетика, сумен жабықтау және кәріз жүйесі, мұнай газ, радиотехника мамандықтары бойынша 539 студент оқиды.
Биылғы
Университет құрылымында Түркістан қаласында «Керемет» бастауыш мектебі, Ақсукент қалаласында «Достық» бастауыш мектебі мен медициналық колледжі және «Болашақ» ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми орталықтарымыз бар. Одан бөлек биыл жаңа оқу жыл қарсанында Шымкент қаламызда «OSCAR» лингвистикалық элиталы бастауыш мектебі ашылуда. Ал, оқу орынымызға келер болсақ, университетіміз «Русский Регистр» менеджмент жүйесі (МС ИСО 9001 сертификаты) талаптарына сай жұмыс жасауда және Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық орталығынан аккредиттеуден өткен университеттердің бірі және жастардың замануи білім алуына барлық жағдай жасалған.
Құрылтайшылардың демеушілігімен жақсы оқитын, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысатын, спорт шеберлері, жартылай және тұл жетім білім алушыларға университет тарапынан 50%-100% жеңілдіктер қарастырылған. Сондай студенттеріміз биылғы оқу жылы барысында Мәсуке қаласындағы ЖОО-нан – 6 грант, Түркия еленің ЖОО-нан – 2 грант, Тәжікстан мемлкетінің ЖОО-нан – 2 гранттар иеленіп, студент аталған елдерде оқып келді.
Жыл сайын жастарды жұмыспен қамту және отандық/шетелдік жетекші ұйымдар мен мамандардан тәжірибе алмасу бағытында бірлескен жұмыстар жүргізу, техникалық мамандықтардың мәртебесін көтеру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға отыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы оқу жылында сондай 13 меморандумға қол қойылып, іске асуда. Оқу орнымызда арнайы «Жұмыспен қамту» орталығы жұмыс істейді. Техникалық мамандықтарға басымдық беруде университетіміз алғашқы оқу орындары болып «Білім және ғылым: IV-өнеркәсіптік революцияның сын қатерлері» атты Халықаралық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференция өткізген болатынбыз.
Ал енді бүгінгі меморандумға келер болсақ, BІ Group инновациялық құрылыс холдингі атынан «Profi Time Astana» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (BI Group корпоративтік университеті BI University) мақсаты тқмендегідей:
Меморандумның негізгі мақсаты:
– Ынтымақтастық аясында жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын дамыту мен тағылымдамалар өткізуге көмектесу, бірлескен мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, ғылыми жобаларды дамыту.
– Студенттердің жақсы білім алуына жағдай жасау, білім сапасын арттыру, жастардың әлеуметтік мәселелеріне көңіл бөлу.
– Компания басшылығы университетіміздің оқытушылары мен студенттері үшін өтеусіз негізде коучинг-дәрістер өткізуі;
– Компаниядағы міндетті өндірістік тәжірибемен алмасу;
– Үш айда бір рет тегін өткізілетін гембалар (жобалар мен құрылыс алаңдарына бару);
– BI Group акционерлерінің қатысуымен өтетін ауқымды іс-шараларға үздік студенттерді жылына бір рет қатысуы;
– Университетіміздің цифрландыру саласындағы арнайы білім беру блогын дамыту.
Бүгінші іс-шарамыз, университетіміздің техникалық мамандықтарда оқитын студенттері үшін алдағы уақытта үлкен іс-тәжірибе мен білім алу, болашақ жастарымызға жасалып жатқан қолдау.
Жоғарыда аталған BІ Group инновациялық құрылыс холдингіне біздің университетті таңдағандарына үлкен алғысымызды білдіреміз.