Ерікті түрде тексеру

08.09.2022 жылы    «Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде» тексеру науқаны өтті.

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталық МКҚК-нің ұйымдастыруымен «Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің» студенттеріне АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация жүргізілді.

Іс шараның мақсаты – АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықты алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Аталмыш шараға ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Назира Жүргенбаева, Шымкент қаласы Абай атындағы №7 орталықтандырылған кітапхананың  меңгерушісі Камшат Баймахамбет және  жастар бөлімі және   студенттері қатысты.

Шара барысында студенттерге АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеу алынып кеңес берілді.

Медпункт меңгерушісі Қалшат Кенжебековна

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top