Іс-тәжірибе бойынша қорытынды конференциясы

2022 жылдың 31- қазанында академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің акт залында «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Музыкалық білім», «Дене шынықтыру және спорт», «Математика», «Информатика», «Химия», «Биология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Дефектология» мамандықтарының кесте бойынша өткен 4 -курс студенттерінің өндірістік (педагогикалық)  іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті.  Конференцияға кафедра меңгерушілері мен Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің орынбасары Майлыбаев Марат және университет оқытушыларының қатысты.

Конференцияға қатысқан оқытушылар құрамы

Күндізгі  оқыту  нысаны  бойынша  іс-тәжірибе   барысында студенттер  оқу-бағдарламалары , әдістемелік  нұсқаулармен  қамтамасыз етілді және университет шешімі   бойынша   студенттерге әдіскерлер  бекітілді.Барлық іс-тәжірибеге шыққан студенттер  тиісті құжаттармен  қамтамасыз  етіліп , кесте бойынша уақытында іс-тәжірибеден өтті.

Конференцияға қатысқан  студенттердің  барлығы   жоғары деңгейде баяндама жасап,мектептен алған тәжірибелерімен бөлісе отырып, өздерінің іс-тәжірибеден қалай  өткендерін , қандай  қиыншылықтардың кездескенін,   оқу барысында қай жағынан білімдерін жетілдіру   қажет  екенін айтып өтті .Комиссия  құрамы өз кезегінде студенттерге сұрақтар қойып, олардың есебін тыңдады.

Студенттердің іс-тәжірибе есептерін қорғау сәті:

Студенттер  қорытынды конференцияда өздеріне іс-тәжірибе барысында жетекшілік еткен әдіскерлеріне алғыстарын айтып, іс-тәжірибе күнделіктерін және жұмыс жоспары  мен дайындаған көрнекі материалдарын, іс-тәжірибе есебін өткізді.

Қорытындылай келе комиссия мүшелері мен топ әдіскерлерінің қатысуымен  4- курс  студенттерінің барлығы өндірістік (педагогикалық)  іс-тәжірибенің  мақсаты мен міндеттерін  сезініп,  өте  жауапкершілікпен қарады деп есептеп,қорытынды баға қойылды.

Scroll to Top