«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ СЕРВИСТІК МОДЕЛІ: БАҒЫТТАРЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ»

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ СЕРВИСТІК МОДЕЛІ: БАҒЫТТАРЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ» атты республикалық дөңгелек үстелдің Шымкент қаласы ҚР Ішкі Істер министрлігі Б.Момышұлы атындағы оқу орталығына «Құқықтану» кафедрасының ұжымы қатысты.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған эксперимент нәтижесін зерделей келе, полициясының сервистік моделі түсінігін анықтап, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау; жергілікті ПО тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерінде полиция қызметінің сервистік моделін, механизмін қалыптастыру; полиция имиджін қалыптастыру бағытында 100 логативті жасап бекіту және рсепублика көлемінде тарату мәселесі; алғашқы кәсіптік даярлық курстарына таңдаушыларды іріктеу барысында жетілдіруді қажет ететін сұрақтар және т.б. сұрақтар қаралды.

«Құқықтану» кафедрасының ұжымы тақырыпқа сай өздерінің баяндамаларын оқып, сертификат алды.

Scroll to Top