Б.Момышұлы атындағы ҚР ІІМ-ң оқу орталығымен серіктестік туралы меморандумына қол қойылды

4 қараша күні Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті «Құқықтану» кафедрасы мен Б.Момышұлы атындағы ҚР Ішкі істер министрлігінің оқу орталығымен серіктестік туралы меморандумына және келісім-шартына ресми түрде қол қойылды.

Екі тараптың келісімімен алдағы уақыттарда әрбір өткізілетін шараларға қатысты мақсатты бағдарламалар негізінде құқықтың ғылыми бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу іс-шараларын өткізу, кафедралар арасында семинарлар ұйымдастыру, ғылыми ақпараттармен, оқулықтармен, монографиялармен, сондай-ақ тәжірибе алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірігіп жасау, студенттерге ғылыми-практикалық жағдай жасау, оқу танысу, өндірістік, диплом алды, кәсіби тәжірибеден өту, сонымен бірге «Жас Заңгер» үйірмесімен бірлесіп ғылыми іс-шаралар, семинарлар өткізу жоспарланып отыр.

Scroll to Top