Нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және жастарды спортқа баулу!

Университетімізде студенттер  арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдыналу  және жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандпардың қатысуымен   кездесу өтті.

Мұнда Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі  басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Қалмурзаева Айжарқын,  полиция департаменті  тарапынан Есірткі қызметіне қарсы іс-қимыл басқармасының  жедел уәкілі полиция полковнигі Сембаев Нұрлан ,  ШЖҚ  Психикалық денсаулық орталығының  нарколог психиатр дәрігері Раушан Асанова және №3 жоғары спорт шеберлігі  мектебінің спортшысы , Грепплингтер  әлем чемпионы Абызов Бағдаулет  және Шыңғысбек Бейбарыс  өздерінің сұқбаттарын жүргізді. Сонымен қатар ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира  студенттерге АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация жүргізілді.

Аталмыш іс шараның мақсаты – АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықты алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Шара барысында студенттерге АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеу алынып кеңес берілді.

Салауатты өмір салтын насихаттау орталығынан маман Айжан өз үлесін қосты.

Медпункт меңгерушісі Қалшат Кенжебековна

Scroll to Top