АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2022 жылдың 2-желтоқсанында Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізіледі.

Конференцияның басталуы: сағ. 10:00 (Астана қ. уақыты,             GMT+6 )
Өтетін орны: Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Шымкент қ., Төлеби к-сі, 32,                       Акт залы
Конференция форматы: онлайн және офлайн
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Конференцияға Zoom аркылы қосылу: us05web.zoom.us/j/
Конференция идентификаторы: 7427813785
Кіру коды: 123

Конференцияға қоғам және саяси қайраткерлер, мемлекеттік қызметшілер, Алаштанушылар, Ахметтанушылар, әдебиетші ғалымдар, тарихшылар, зиялы қауым өкілдері, депутаттар, профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, магистранттар және PhD докторанттар шақырылады.                    Конференцияда:

  • тар.ғ.д., профессор Осман Йорулмаз /Мимар Синан өнер университеті, Стамбул қ., Түркия/.
  • пед.ғ.д., профессор Қ. Йулдошев /Мирзо Улугбек атындағы Өзбекістан Ұлттық университеті, Ташкент қ., Өзбекістан/.
  • фил.ғ.д., профессор С.Х. Утанова /Өзбекістан Ғылым академиясы, Ташкент қ., Өзбекістан/.
  • фил.ғ.д., профессор С.А. Тиллебаев / Ж. Баласағын атын. Қырғыз Ұлттық университеті, Бішкек қ., Қырғызстан/.
  • филол.ғ.д., профессор Б.Қ. Момынова /А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Алматы қ., Қазақстан/.
  • профессор Булент Байрам /Қ.А. Ясауи атын. Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан/.
  • тар.ғ.д., профессор Хазретәлі Маханұлы Тұрсын /Қ.А. Ясауи атын. Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан/.
  • PhD доктор Ү.Ғ. Әнесова /Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан/.
  • PhD докторанты М.Ә. Иманғазина /А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Алматы қ., Қазақстан/ баяндама жасайды.

Конференцияның мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу, насихаттау және көпшілікке таныстыру. Конференцияның секциялық жұмыстары:1. Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық идеялары: қазіргі педагогикалық көзқарастар мен даму перспективалары;2. Қазіргі білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері: білім беру мен оқудың жаңа тәсілдері;3. Ғылыми-техникалық білім беру – қазіргі қоғамның жағдайы мен даму бағыттары;4. Жаһандық сын-қатерлер контексіндегі қоғамның, экономика және құқықтың өзекті мәселелері.

Шақырылған баяндамашылар, олардың баяндама тақырыптары туралы және конференцияға кіру үшін сілтеме кейінгі хабарламаларда жіберілетін болады.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарияланады (Рdf – нұсқа). Мақала мәтіні (Файл атауы: секция №, бірінші автордың тегі мақала; мысалы: 1.2) мақаланы жариялауға өтінім (өтінім нысаны бар); төлем туралы түбіртек (пошта арқылы – электрондық (сканерленген) нұсқа) ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз nauka_udn@mail.ru 2022 жылғы 26 қарашаға дейін.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша мақалалар мен баяндамалар жинақта, оның электронды нұсқасы университет сайтында жарияланатын болады: www.edu.udn.kz.

Баяндаманы дайындау кезінде авторлардан келесі ережелерді басшылыққа алуды сұраймыз. Баяндама мәтіні 5 толық бетке дейін Winword мәтіндік редакторында терілуі тиіс, RTF форматы, Times New Roman қарпі, жоларалық интервал 1, Таңба өлшемі 14, барлық жолдар – 20 мм., баяндаманың түпнұсқалығы 70% -дан кем болмауы тиіс. Тақырыпты рәсімдеу: мақала атауы (жоғарғы жағының ортасынан-тасымалсыз жазба қалың әріптермен); бір жолдан кейін (жолдың ортасына) автордың тегі мен аты-жөні жазылады; келесі жолға (жолдың ортасына) ЖОО-ның, қаланың атауы жазылады; келесі жолда ортада теңестіру) – e-mail байланыс үшін; 1 жолдан кейін-мақала мәтіні.

А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференция мақаласына өтінім.

1-қосымшa

А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы» халықаралық ғылыми-теориялык конференцияға қатысуға

Өтінім

1 Автордың (Авторлардың) тегі, аты, әкесінің аты
2 Лауазымы
3 Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
4 Оқу орнының толық атауы
6 Байланыс телефондары
7 Ғылыми мақаланың тақырыбы
8 Конференция бағыты
9 Қажетті техникалық құралдар (проектор, ноутбук)
10 Қатысу нысаны

Рәсімдеу мысалы:

ӘОЖ /УДК/

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ

Базарбаев Р.А., фил.ғ.к., профессор

Академик Ә. Куатбеков атындағы Халықтар достығы университеті

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

Аннотация шетел ғалымдарына ағылшын, орыс тілдерінде, отандық ғалымдарға орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде ұсынылады.

    

        Түйінді сөздер: Ақпараттық технологиялар, инновациялық әдістер…

________________________________________________________________

Әдебиетке сілтемелер мәтінде келтіріледі: тік жақшада әдебиеттер тізіміндегі нөмірі және беті көрсетіледі, мысалы: [1: 25].

Әдебиеттер тізімі («ӘДЕБИЕТ» деген тақырыппен) мақаланың соңында дәйексөз реті бойынша келтіріледі.

Көрсетілген мерзімде жіберілген материалдарды ұйымдастыру комитеті қарайды. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сәйкес ресімделмеген материалдар қаралмайды және кері қайтарылмайды.

Конференция материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Осыған байланысты, сіздің назарыңызды ғылыми мақалаларды жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды сақтай отырып, мұқият редакцияланған түрде ұсыну қажеттілігіне назар аударамыз.

Конференцияға қатысушылар үшін төленетін ұйымдастыру жарнамасы 3000 тенге.

Төлем реквизиттері:

БСН 120 940 009 832

ЖСК № KZ516017291000007885   АО «Халық банк»

«Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті» Мекемесі

Төлем мақсаты: А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы» халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысу.

Ұйымдастыру комитетімен хат алмасу тек көрсетілген nauka_udn@mail.ru электрондық мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушы комитетінің мекен-жайы: 160011, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Төле би көшесі 32, Ғылым бөлімі, 202 Б кабинеті, Ғылым бөлімі.

Анықтама телефондары8 (7252) 95-25-628 (7252) 95-25-54

Нысанбек Маржан Мұратбекқызы, 87474085390

E-mail: nauka_udn@mail.ru

                                                    Құрметпен Ұйымдастыру комитеті

Scroll to Top