Профессор-оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыруы – олардың білім беру үдерісіне білім берудің жаңартылған мазмұнын, құрылымын және білім берудің инновациялық әдістерін, технологияларын енгізуге дайындау және жоғары кәсіптік білімі бар сапалы мамандарды даярлау мақсатында жүзеге асырылады. Гуманитарлы-педагогикалық факультеттің «Филология» кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы 2022 жылдың 5-17 қыркүйек аралығында өткен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен филология ғылымының негізін салушы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған 72 сағаттық республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға онлайн қатысты. Семинарға қатысқан оқытушылардың сертификаттарын университеттің ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Раимбердиев Талжан Пердешұлы табыстады.