Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Оқу әдістемелік басқарма бастығының»және «Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлімінің ұйымдастыруымен 3-4 курс студенттерімен жұмыс берушімен кездесу өткізілді. Кездесуге қатысқан Гуманитралы-педагогикалық факультеті және Жаратылыстану-Инженерлі факультетінің студенттер саны 50 ден аса және онлайн форматта қатысты.
Жәрмеңкені өткізу мақсаты – болашақ мамандарымызды жұмысқа орналасуына және жұмысты тез және оңай таңдауда жәрдемдесу.
Жұмыс беруші мен тікелей байланыс орнату арқылы білім ордасы 3-4 курс студенттерін жұмысқа орналасуына ықпал жасау.
«Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлімінің орынбасары Майлыбаев Марат Серикбаевич және жұмыс беруші «Банк Фридом Финанс» байланыс орталығының кадр бөлімінің басшысы Наурызбаев Асылбек Алдабергенұлы студенттерге «Тұтынушылардың қоңырауына жауап беретін менеджер» бос орындар жарияланғандығы туралы хабарлама жүргізді және жұмысқа шақырды бос орындар бар екендігі туралы мәлімет берді.
Кездесуде: резюме толтыруды және сұбхаттасудан қалай және дұрыс өтуді түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жұмыс берушілер өздері ұсынған пәндердің құзіреттілігіне тоқталып, студенттердің болашақта бәсекеге қабілетті кәсіби маман болып қалыптасуына әсері туралы айтып өтті. Студенттер оқуға, жұмысқа деген жауапкершілікті сезініп сұрақтарын қоя білді. Қажетті мағұлматтарды өздеріне ала отырып сабақтан тыс практика жүзіне үйренуге ұсыныс тастады. Өз мамандықтарының шебері болуды студенттер қалайтының және ұмтылыстары жоғары екені көрсете білді.