2023 жылдың 30 қаңтар күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастырумен Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің 4 курс студенттерімен «6В04150- Мемлекеттік жергілікті басқару» және «6В04210-Құқықтану» білім беру бағдарламасымен кездесу өткіздік. Кездесуге «Мемлекеттік қызметшілер мектебінің» басқарма басшысы Сарғалдақов Нұржан Қыдырбайұлы мен Мемлекеттік қызмет басқарма басшысының орынбасары Қансейіт Ардақ Кеңесәліқызы студенттерге Мемлекеттік қызметші болғыңыз келеді ме? -деген сұрақтарына жауап алды. Студенттер өте белсенді түрде қызығушылықтарын білдіріп, қазірден жұмыс берушілермен тығыз байланыста болу үшін ұялы телефондарын өздеріна алып қалды.
Кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қатарына талантты, жауапты, қабілетті, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту, мемлеткеттік қазметке орналасу қағидаларын орналасу түсіндіру және өңірдегі «Мемлекеттік қызметшілер мектебі» туралы толық мағлұмат беру болып табылады.