Жұмыс берушілермен кездесу

2023 жылдың 30 қаңтар  күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастырумен Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің   4 курс студенттерімен «6В04150- Мемлекеттік жергілікті басқару» және «6В04210-Құқықтану»   білім беру  бағдарламасымен  кездесу өткіздік. Кездесуге «Мемлекеттік қызметшілер мектебінің» басқарма басшысы Сарғалдақов Нұржан Қыдырбайұлы мен  Мемлекеттік қызмет басқарма басшысының орынбасары Қансейіт Ардақ Кеңесәліқызы студенттерге Мемлекеттік қызметші болғыңыз келеді ме? -деген сұрақтарына жауап алды.  Студенттер өте белсенді түрде қызығушылықтарын білдіріп, қазірден жұмыс берушілермен  тығыз байланыста болу үшін ұялы телефондарын өздеріна алып қалды.

Кездесудің мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің қатарына талантты, жауапты, қабілетті, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту, мемлеткеттік қазметке орналасу қағидаларын орналасу түсіндіру және өңірдегі «Мемлекеттік қызметшілер мектебі» туралы толық мағлұмат беру болып табылады.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх