Студенттерінің педагогикалық-психологиялық іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы

02.02.2023 ж сағ 11.00.  Академик   Ә.  Қуатбеков   атындағы Халықтар   Достығы   университетінің  акт  залында «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Музыкалық білім», «Дене шынықтыру және спорт», «Математика», «Информатика», «Химия», «Биология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Дефектология» білім беру бағдарламасының    кесте бойынша  2 -курс  студенттерінің педагогикалық-психологиялық  іс-тәжірибесінің қорытынды   конференциясы болып  өтті.  Конференцияға жұмыс берушілер № 11 Шығыс жекпе-жек түрлерінен мамандандырылған  балалар және жас өспірімдер спорт мектебінің әдіскері Төребай Қанат және №2 Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектебінің педагог- ұйымдастырушы Тулебаева Манат Ирисалықызы  атты комиссия мүшелері қатысты. Декандар,кафедра меңгерушілері мен комиссия мүшелері  және жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Шалкеева Айсулу Анваровна   қатысты. Қортынды конференция өте жоғары деңгейде өтті. Студенттер іс-тәжірибеде алған білімдерін тамаша деңгейді қорғап, бір-бірмен пікір таласып  өз ойларын жеткізе білді. 2 курс студенттері университетке деген ұсыныстарын айтты.

Конференцияға қатысқан  студенттердің  барлығы   жоғары деңгейде баяндама жасап,мектептен алған тәжірибелерімен бөлісе отырып, өздерінің іс-тәжірибеден қалай  өткендерін , қандай  қиыншылықтардың кездескенін,   оқу барысында қай жағынан білімдерін жетілдіру   қажет  екенін айтып өтті .Комиссия  құрамы өз кезегінде студенттерге сұрақтар қойып, олардың есебін тыңдады.

Студенттер  қорытынды конференцияда өздеріне іс-тәжірибе барысында жетекшілік еткен әдіскерлеріне алғыстарын айтып, іс-тәжірибе күнделіктерін және жұмыс жоспары  мен дайындаған көрнекі материалдарын, іс-тәжірибе есебін өткізді.

Қорытындылай келе комиссия мүшелері мен топ әдіскерлерінің қатысуымен  2- курс  студенттерінің барлығы педагогикалық-психологиялық  іс-тәжірибенің  мақсаты мен міндеттерін  сезініп,  өте  жауапкершілікпен қарады деп есептеп,қорытынды баға қойылды.

Scroll to Top