М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғасырлар перзенті» атты дөңгелек үстел өтті

2023 жылдың 10 ақпан күні сағ: 10-40та Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының  магистр,  оқытушы Жанболатова Әсила Жанболатқызының ұйымдастыруымен М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғасырлар перзенті» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысқан қонақтар:

  1. Кемельбеков К. филос.ғ.к., доцент «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі
  2. Абдурахманова З.А. «Экономика» кафедрасының меңгерушісі
  3. ­Жақаш Д.Б. т.ғ.к., аға оқытушы
  4. Қоспанбетова Н. А. магистр, оқытушы
  5. Сартаева Г.Е. магистр, аға оқытушы

Іс-шараның мақсаты Қазақ жырының қара бурасы атанған  Мұқағали Мақатаевтың  өмірімен  және шығармашылығымен  таныстыру және Өнер адамдарын, өнерді құрметтеуге  тәрбиелеу бағытында жүзеге асырылды. Мұқағали өмірінен көптеген мәліметтер келтіріліп, студенттер тарапынан ақын өміріне қатысты естеліктер мен көптеген өлеңдері жатқа оқылды. Кеш соңында кафедра меңгерушісі және ұстаздар қауымы да өз білімдерімен бөлісіп, жастарды тәрбиелік әңгімелерімен сусындатты.

Scroll to Top