«Менің болашақ мамандығым» тақырыбында бейіндік пәндер бойынша олимпиада өтті

Маркетинг және Кәсіптік бағдар беру бөлімінің жылдық жоспарының негізінде «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында бейіндік пәндер бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиадаға №9IT лицей, №12, №19, №86, №132 және №2 Ә.Бөкейханов атындағы ЖББ мектептерінен 72 мектеп бітіруші қатысты. Олимпиадаға қатысқан мектеп оқушылары арнайы
І-ші ,ІІ-ші ,ІІІ-ші орын дипломдарымен марапатталып, барлық қатысқан мектеп оқушыларына университет тарапынан қатысқандығы үшін арнайы сертификаттар табысталды. Олимпиада өткізілумен қатар, келген мектеп бітірушілеріне Маркетинг және кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Мамадияров Марат және маркетинг және кәсіптік бағдар беру бөлімінің мамандары Ақтуреева Гүлнәр, Тұңғышбай Жансая Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің құрылу тарихын айтып, білім беру бағдарламаларымен толық таныстырып, мектеп бітірушілерімен университетке экскурсия жүргізді.

Scroll to Top