Наманган инженерлік-технологиялық институтымен сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық шеңберінде “Экономика” кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы 06.03.23 ж. – 17.03.23ж. – А. М.Жұманов – э.ғ.д., профессор, Г. С. Бердібекова – э.ғ.к., аға оқытушы, 01.02.23 ж.-17.03.23ж. – Мамутова К. – э.ғ. к., аға оқытушы, Купешева А. К. – э.ғ.к., аға оқытушы, Ережепов С. – э.ғ.к., аға оқытушы., Абдурахманова З.А. – магистр, аға оқытушы, Кененбаева Ж. Т.- магистр, аға оқытушы, Туртаев М. Р. – э.ғ.к., профессор, Сүлейменова Б. С. – магистр, ст. др., Мұсабеков к.,-э. ғ. д., профессор, Сабенова Б.Н. – э.ғ.к., аға оқытушы, Баданбаев К. А. – магистр, аға оқытушы, 03.04.23ж. – 14.04.23ж. – Туртаев М. Р. – э.ғ.к., профессор, Абдурахманова З.А – магистр, аға оқытушы сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберіндегі ғылыми-педагогикалық тағылымдама негізінде Өзбекстан Республикасының Наманган инженерлік-технологиялық институтына (НИТИ) Наманган қаласына іс-сапарға жіберілді.

Іс – сапардың мақсаты: Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті мен Наманган инженерлік-технологиялық институты арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға сәйкес, білім беру жүйесінде тәжірибе алмасуды жүзеге асыру. Бакалаврлар мен магистранттарды даярлаудың 30 жылдан астам тәжірибесін ескере отырып, бұл экономика саласындағы мамандарды сапалы даярлауға көмектеседі деп үміттенеміз.

Басты міндет – стратегиялық маңызы бар елдер мен қалалардағы мекемелермен өзара іс-қимыл жасау және халықаралық ынтымақтастық негізгі халықаралық әріптестік қатынастарды дамытатын және қолдайтын оқыту сапасын жақсарту үшін халықаралық мүмкіндіктерді пайдалану.

Институт ректоры т.ғ.д.,профессор – Маматкаримов О.О., оқу жумысы жөніндегі проректор, п. ғ. д., профессор – Мелибаев У., инновациялық және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор т.ғ.к., профессор – Эргашев О. К., Маткаримов К. Ж. – декан э.ғ.к.- шаруашылығын инновациялау бөлімінің бастығы – А. Мерганов басшыларымен кездесу болды.

Біздің келген күніміз ашық есік күнімен тұспа – тұс келді, онда ректор салтанатты жағдайда республикада бірінші орын алған “Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті И. Кәрімов”, “Өзбекстан Республикасының Президенті”, “Әлішер Навои” атындағы жүлделердің иегері студенттерге наградалар табыс етті. Институттың ректорымен әңгімелесу барысында одан әрі ынтымақтастық, кадрлар даярлау саласында тәжірибе алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, бірлескен жарияланымдарды өткізу, диссертациялық жұмыстарға пікір жазу, Scopus мақалаларында жариялау, семинарлар мен конференциялар өткізу және т. б. туралы қызығушылық анықталды.

Басшылықпен кездесуден кейін біз кафедраларға барып, кафедраның барлық оқытушыларымен таныстық. Кафедра оқытушыларының құрамы ерекше назар аударуға лайық, барлық оқытушылардың ғылыми атақтары мен үлкен жұмыс өтілі бар. Кафедрада қазіргі заманғы талаптарға сай экономистерді даярлау бойынша пікір алмасылды. Пікір алмасу нәтижелері бойынша біз “Медициналық қызметтер маркетингі және оны жетілдіру жолдары”, “Қазақстандағы білім беру жүйесінің маркетингі”, “Қаржыға кіріспе” және т. б. тақырыптарда дәріс оқыдық.

Сонымен қатар, біз институт кітапханасына барып, студенттер мен магистранттарды оқытудың заманауи құралдарымен, дәріс залдарымен таныстық, сондай-ақ ауыл-шаруашылығын инновациялау бөліміне барып, инновациялық жобаларды дайындау және инновациялық жобаларды коммерцияландыру мәселесін зерттедік.

Бөлімді А. Мерганов басқарады, әңгіме барысында бөлім есепті кезеңде көптеген инновациялық жобаларды орындағаны, зертханалық талдаулар жүргізгені, жергілікті өсімдік шөптерінен емдік дәрі-дәрмектерді орындауға патенттер алғаны анықталды. Бұл жобаларды Республика бюджетінен грант арқылы коммерцияландыру мүмкіндігі бар, институт басшылығы неге бұл идеяларды бірлескен ынтымақтастықта жүзеге асырмасқа деп ойладық.

11 сәуірде экономика факультетінің деканы, э.ғ.к., профессор К. Ж. Маткаримовпен өте жемісті әңгіме өтті, онымен кездесуден кейін ол бізді түлектер студенттерімен және жұмыс берушілермен кездесуге қатысуды сұрады, онда облыстың жергілікті банктерінің басшылары қатысты. Қатысушылар Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінде жұмысқа орналасу мәселелеріне қызығушылық танытты. Тәжірибе алмасу қорытындысы бойынша және жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін шешім қабылдады:

  1. Ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық жобаларды коммерцияландыру бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру.
  2. Кадрларды даярлау, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу, бірлескен Жарияланымдар, диссертациялық жұмыстарға пікір жазу, Scopus мақалалар жариялау, семинарлар мен конференциялар өткізу және т. б. саласында тәжірибе алмасуды жүзеге асыру.
  3. Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіне заманауи маркетинг саласында дәріс оқу үшін профессор – Салиев Ахмаджанды шақыру.
  4. Халықаралық журналдарда мақалалардың бірлескен жарияланымдарын ұйымдастыру.
  5. 2023-2024 оқу жылына тәжірибе алмасу үшін біздің қонақтарымыздың келуін ұйымдастыру.

Соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Біз осы кездесуді ұйымдастырушыларға және Наманган инженерлік – технологиялық институтының басшылығына алғысымызды білдіреміз!

Тәжірибе алмасу нәтижелері біздің алдағы жұмысымызда өз жемісін береді деп үміттенеміз.

Scroll to Top