AITU – Цифрландыруды дамыту бойынша Астана үлгісі

2023 жылғы 20 мамырда Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің бас цифрлық офицері, цифрландыру жөніндегі проректор М.К.Есеновтың PhD докторы, Astana IT University ғылым және инновациялар департаментінің директоры Н.К. Жақиевпен жұмыс кездесуі өтті.

Astana IT University үздік мамандарды оқытып, табысты инновациялар жасай отырып, цифрлық трансформацияны ынталандырады. Университет аймақтағы ғылым мен инновацияның драйвері және флагманы болып табылады және ғылыми-инновациялық университеттің моделіне сәйкес келеді, интеллектуалды-аналитикалық жүйелерді құрудағы жетекші ұйым болып табылады.

AITU-да EDTECH, Industry 4.0, AgroTech, Smart City, “Үлкен Деректер және блокчейн технологиялары” Ғылыми-инновациялық орталықтары және FabLab прототиптеу зертханасы ашылды, олардың мақсаты қазақстандық және шетелдік әріптестермен бірлесіп ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады.

Сапар аясында екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайын.

Scroll to Top