4 курс студенттеріне арналған (педагогикалық білім бағдарламасы) өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибенің ұйымдастыру конференциясы

Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып  табылатындықтан кез-келген кадр даярлау үдерісі онсыз жүзеге аспайтындығы белгілі.Әрбір болашақ маман өзінің алған теориялық білімін практикада дәлелдеп, базалардағы білікті мамандардың тәжрибелерін азық етуді көздейді.

11.09.2023ж.күні «Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлімінің  ұйымдастырумен   4 курс студенттеріне  ұйымдастыру конференциясы болып өтті  Конференцияға  Педагогика және психология», «Филология» «Дене шынықтыру және спорт», «Қазақстан тарихы және әлеументтік», «Информатика және математика», «Химия және биология», «Шетел тілдер, «Филология және тілдер»,  кафедрасының студенттері мен оқытушылары, атап айтқанда Жұмыспен қамту және іс тәжірибе бөлім меңгерушісі А.Шалкеева, тәрбие және әлеументтік істер жөніндегі проректор Б.Садықұл, гуманитарлы-педагогикалық факультетінің деканы орынбасары А. Купешова, Жаратылыстану-инженерлі факультетінің деканы орынбасары З.Илесовтер қатысты. Конференцияда  іс-тәжірибеге қажетті құжаттарды талапқа сай рәсімдеу жөнінде  кеңестер берілді. Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлім меңгерушісі орынбасары М.Майлыбаев іс-тәжірибеге қажетті құжаттар туралы  түсіндірді.

Жастардың сапалы маман иесі болып шығуына, студенттер теория мен тәжірбиені ұштастырып жұмыстар жасауына және олар іс-тәжірибе барысында озат мамандардан үйреніп, жаңа жабдықталған технологияны және әдістерді не үйрену керектігін түсіндіріп өтті.


Заман талабына сай маман дайындау басты міндет. Бүгінгі күнде білімді, бәсекелестік қабілеті бар,  ізденімпаз, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жан-жақты дамыған мамандар сұранысқа ие болып отыр.

Конференцияның соңында студенттер түсінбеген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Өресі биік ой-пікірлерге толы конференция студенттердің практика алдындағы үлкен рухани серпілісі болды.

Өресі биік ой-пікірлерге толы конференция студенттердің  практика алдындағы үлкен рухани серпілісі болды. Құнды ойлар мен берілген бағыт-бағдар студенттердің практика кезінде таптырмас азығы болады деп сенеміз.

Scroll to Top