Жас ғалымдардың бірінші халықаралық форумы

2023 жылғы 7 желтоқсанда Шымкентте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының базасында Жас ғалымдар мен студенттердің алғашқы халықаралық форумы өтті.

Форумның басты мақсаты – әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен алмасу үшін платформа құру, өзекті мәселелерді талқылау. Іс-шара барысында жас ғалымдардың пленарлық отырысы, ғылымның түрлі бағыттары бойынша секциялық дәрістер, өндірістік базалармен танысу ұйымдастырылды.

Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жас ғалымдарының делегациясы Мақсат Есенов – цифрландыру жөніндегі проректор және Бибол Жакипбаев – E-Tech Hub бас ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор шетелдік және отандық ғалымдар арасындағы ғылыми зерттеулердің интеграциясы мен ынтымақтастығына белсенді қатысты.

Форум аясында келесі іс-шаралар өтті:

  1. Жас ғалымдар мен студенттердің “Биология, медицина және фармацияны дамыту перспективалары” Х Халықаралық ғылыми конференциясы.
  2. Хирургиялық пәндер бойынша бірінші халықаралық олимпиада
  3. Жобалар байқауы

Форум барысында жас зерттеушілер арасындағы өзара іс-қимыл мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылды. Қазіргі заманғы зерттеулердің ең өзекті бағыттары, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту жолдары талқыланды.

Scroll to Top