Хабарландыру

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті 2023 жылғы 22 желтоқсанда университеттің 25 жылдығы аясында «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Омар Есенәлі Омарұлының 80 жылдығына орай «Заманауи педагогикалық идеялар» атты халықаралық конференция өткізеді. Іс-шара шетелдік қонақтар, жұмыс берушілер, теледидар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүзеге асады.

Халықаралық конференцияның мақсаты – психологиялық-педагогикалық идеяларды жүзеге асыру, педагогика ғылымын дамыту, білім беру мекемелерінде білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды зерделеу, талдау және әзірлеу.

Scroll to Top