New IT Opportunities in 2024

2023 жылғы 21 желтоқсанда Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде IT-басшылардың арасында жұмыс кездесуі өтті. Мақсат Есенов – цифрландыру жөніндегі проректор, Асилбек Жаксиликов – ЦТжәнеТТ департаментінің директоры және Бибол Жакипбаев – PhD, қауымдастырылған профессор, E-Tech Hub бас ғылыми қызметкері “Telse” https://telse.kz/ директоры Азиз Есжановпен және “Ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету орталығы” ЖШС-нің директоры Жандос Сардаровпен кездесті.

Кездесу барысында қонақтарға Университет бойынша визуалды кампус-тур өткізілді, оның соңында олар материалдық-техникалық жабдықтармен және IT бағытының қарқынды дамуымен таң қалды. Мұның бәрі Университет басшылығының түсінігі мен қолдауының арқасында.

Күн тәртібінде 2024 жылға жоспарланған IT-ынтымақтастық шеңберінде бірқатар бірлескен іс-шаралар мен пилоттық жобалар бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді: “Жасанды интеллектті дамыту қоры”, “Visioner talks”, “Alaqan”, сондай-ақ шетелдік IT-серіктестермен жұмыс жөніндегі трансұлттық ынтымақтастықтарды белгілеп қойдық.

Кездесу «Creative Industry of Shymkent» форумындағы нетворкингтің арқасында өтті.

Айта кету керек, 2024 жылы Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. IT-хабтың техникалық ашу жоспарлануда.

Scroll to Top