Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибенің қорытынды конфенциясы

08.02.2023 ж сағ 11.00.  Академик   Ә.  Қуатбеков   атындағы Халықтар   Достығы   университетінің  акт  залында «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Музыкалық білім», «Дене шынықтыру және спорт», «Математика», «Информатика», «Химия», «Биология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Дефектология» білім беру бағдарламасының    кесте бойынша  2 -курс  студенттерінің психологиялық-педагогикалық  іс-тәжірибесінің қорытынды   конференциясы болып  өтті.  Конференцияға университет ректоры Р.М.Қуатбекова қатысып, студенттерге сұрақтар қойып және өз жетістіктерімен бөлісті. Конференцияға жұмыс берушілер № 63  жалпы орта мектебінің бастауыш мұғалімі Момбиева Анар Абуовна  комиссия мүшесі болып қатысты. Декандар, тәрбие және әлеументтік істер жөніндегі проректор Б.Садықұл, кафедра меңгерушілері мен комиссия мүшелері  және жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Шалкеева Айсулу Анваровна   қатысты. Қортынды конференция өте жоғары деңгейде.

Студенттер іс-тәжірибеде алған білімдерін тамаша деңгейді қорғап, бір-бірмен пікір таласып  өз ойларын жеткізе білді. 2 курс студенттері университетке деген ұсыныстарын айтты.

Scroll to Top