03.05.2024ж Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ардақ Қаснсейітпен университеттің бітіруші студенттері арасында мемлекеттік қызметке кіру, дарынды – талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, мемлекеттік қызметтің әрбір қазақстандыққа ашықтығы жайлы кездесу ұйымдастырылды. Агенттік мемлекеттік қызмет жүйесіне енген жаңашылдықтар мен өзгерстер туралы түсіндірді.
Бітіруші түлектерге ашық мемлекеттік аппарт құру, атап айтқанда, жеке сектордан білікті мамандарды тарту және ЖОО үздік нәтижемен грант жүйесі негізінде дипломы бойынша (GPA) баллдары 3,33-тен жоғары бітірген түлектерге төменгі лауазымдарға тағайындау мүмкіндіктері жөнінде ақпарат беріп өтті.
e-Qyzmet жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі пилоттық жобасының тетіктері мен тиімділі туралы да кеңінен түсіндіріп өтті.
Биыл e-Qyzmet іріктеу жүйесіне Шымкент қаласы әкімі аппараты мен қоса, Шымкент мәлихат аппараты және Шымкент қаласы тексеру комиссиялары жаңа пилоттық жүйе бойынша іріктеуді жүзеге асыратыны да айтылды. Бітіруші түлектер өздерінің пікірлерімен бөлісіп, керекті ақпараттарын алды.