06.05.2024ж күні «Химия және биология» кафедрасымен қатысуымен Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге іс-тәжірибе және жұмыспен қамту бөлімінің меңгерушісі Шалкеева А.А және Химия және биология кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Ташқараев Р.А., профессор Махмудов Ж.У., доцент Махатова А.И., және жұмыс берушілерден Аксукент көпсалалы колледжінің «Клиникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі , химия пәнінің оқытушысы Карабекова Ж.Н., Аксукент көпсалалы колледжінің биология пәнің оқытушысы Айтбаева Ж.Д., №27 «Мәртөбе» жалпы орта білім беретін мектебінің химия пәнінің оқытушысы Алиева Э.Ю., «Ана-Жер» ҒӨБ ЖШС мекемесі Махмудов К.У., Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп гимназиясы КММ биология пәнінің оқытушысы Арыстанова Л., Орталық Азия инновациялық университетінің б.ғ.к., доценті Есқараев Н.М қатысумен өтті.
Іс-тәжірибе және жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Шалкеева А.А «Цифрализация» дамыған заманда мектептерге, кәсіп орындарға білім алушылар практикаға баратындықтан сол жақа барған талаптарға сай келеді ма? Білім алушылар мектепке қандай пәндер жетік білу керек сол үшін жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескеріп білім беру бағдарламасын жаңарту мақсатында қандай пәндер енгізу керек? сол себепті жұмыс берушілердің пікірін біліп, білім беру бағдарламасына жаңартылған пәңдер ендіру мақсатына дөңгелек үстел ұйымдастырып отырғандығын айтты.
Бұл бас қосуда сұранысқа ие болашақ ұстаздарды даярлау мәселелері талқыланып, университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту қарастырылды.