03.05.2024ж күні «Экономика» кафедрасының мемлекттік жергілікті басқару мамандығы оқытушыларының қатысуымен Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге іс-тәжірибе және жұмыспен қамту бөлімінің меңгерушісі Шалкеева А.А. және экономика кафедрасының меңгерушісі Сабенова Б.Н., магистр, аға оқытушы Тулебаева Сауле Муратовна., және маг. аға оқытушы, Есенбекова Сапаркуль Салимбаевна, жұмыс берушілерден ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ардақ Қаснсейіттің қатысумен өтті. Дөңгелек үстел барысында жұмыс беруші ұйымдардың мақсат-міндеттерімен, жаңа білім беру бағдарламаларын жаңарту және әзірлеу туралы ұсыныстарын білдіріп, өз пікірлерін қосты. Тікелей өндірістің басы-қасында жүрген тісқаққан мамандардың пікірлері мен ұсыныстары білім беру бағдарламаларын дайындау барысында өте маңызды. Жұмыс берушілермен арадағы жұмыс мұнан ары да жалғасын табады.