15.04.2024ж. Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша 4-курс білім алушылардың 11.03-03.05.2024 жж. аралығындағы өткен өндірістік (педагогикалық) және дипломалды іс-тәжірибесі, сонымен қатар 3-курс білім алушылардың 08.0.4-03.05.2024 жж. аралығында өткен педагогикалық практикаларының қорытынды конференциясы болып өтті. Конференцияға Жаратылыстану инженерлі факультетінің деканы З.Илесов пен тәрбие және әлеуметтік істері жөніндегі проректоры Б.Садыков, кафедраның аға оқытушылары Мырзабеков Е.Е Сахиева Ф.А және жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Шалкеева Айсулу Анваровна мен Марат Майлыбаев қатысты.
Білім алушылар іс-тәжірибеде алған білімдерін, көптеген тәжірибе ақпараттарын тамаша деңгейде қорғап, бір-бірімен пікір таласып, сұрақ- жауаптар арқылы өз ойларын жеткізе білді. Білім алушылар тәжірибелерінің нәтижелері туралы есептерін бейнероликтер, презентация және суреттер арқылы қорғады. Қазіргі таңда елімізде педагогикалық мамандықтарға сұраныс артуда.
Бітірушілерді одан әрі практикадан кейін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері де қарастырылған. Білім алушылар тәжірибесін арнайы комиссия мүшелері қорытындылап, бағалады. Білім алушылар университет қабырғасында алған теориялық білімін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлік, ұйымдастырушылық қабілет, тез шешім қабылдай білу мен іскерлік секілді қасиеттерді үйренгендігін және өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түскендігін айтты.
Болашақ мамандардың тұлға ретінде қалыптасуында педагогикалық іс-тәжірибеден өтудің маңызы өте зор. Оқу орны қабырғасында өткізілген теориялық дайындықтар нәтижесі педагогикалық практика кезінде қолданыладыда, оның жетістігі мен кемшілігі айқын көзге түседі.
Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушысы
- Джилимбаева Динора
- Бурибаева Бибінұр
Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушысы
- Сидикова Умида
- Қоңырат Үміт
Орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушысы
- Жүнісәлі Аяулым 4 курс
Тарих білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушысы
- Мамаджан Жайхун
Информатика білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушысы
- Усербай Жазира
Дефектология білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушысы
Ордалиева Айгерім
Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушысы
- Искандарова Райхона тағы да басқа білім алушылар жоғары дәрежеде практикаларын қорғап марапат қағаздармен марапатталды.
Сонымен қатар бірнеше білім алушылар практикадан өткен мекемеден жұмысқа шақырту алған. Олар:
- Джилимбаева Динора «Низамхан» орта мектебі
- Жүнісәлі Аяулым Лермонтов атындағы № 17 жалпы орта мектебі
- Мамаджан Жайхун «Суындық» жалпы орта мектебі
- Қоңырат Үміт Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы.
Білім алушыларының ұсыныстары:
1.Білім алушылар ғылыми жобаға дайын болса
2.Әр білім алушы алғашқы күннен бастап өзін келешек ұстаз ретінде қараса
3.Дуалды оқытуды одан әрі жандандырса.
Қортынды конференциясы жоғары деңгейде өтті.