Университет студенттеріне «Әділетті Қазақстан – адал азамат – озық ойлы ұлт» атты адалдық сағаты өткізілді

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге қоғам дертіне айналған «жемқорлық көріністері» туралы адалдық сағаты өтті. «Әділетті Қазақстан – адал азамат – озық ойлы ұлт» тақырыбындағы кездесуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының (Штаб) басшысы Үсіпбеков Төлеген Төлеханұлы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Анарбаев Қайрат Сапарханұлы мен Халықтар достығы университетінің Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Садыков Бердіқұл Қадырқұлұлы жүргізді.

Іс-шара барысында жауапты мамандар ЖОО-ғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды атап өтті. Осы ретте қоғам дертіне қарсы волонтерлік қозғалысты дамыту, комплаенс институтын жетілдіру, жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар туралы хабарлау жолымен жәрдемдесу және т.б инструменттері бар екенін жеткізді.

Адалдық сағаты аясында ұйымдастырушылар білім алушыларды «пара алу және пара беруге» қарсы мәдениет қалыптастыруға шақырды.

Scroll to Top
Scroll to Top