ХДУ студенттеріне Ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы насихатталды

Академик  Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті студенттерімен бірге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауын талқылады. Мкет басшысының кезекті жолдауы бойынша Академик  Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің “Қазақстан тарихы және құқықтану” кафедрасының меңгерушісі Қынатбек Кемельбеков сөз сөйледі. Тарихшының сөзінше,  жолдауда қаралған  барлық тақырыптарынан  білім алушылар бірінші болып хабардар болу қажет. 

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауындағы маңызды 9 тақырыптардың бірі – АЭС салу. Атом электр стансасының салыну немесе салынбауы бойынша 6 қыркүйек күні референдум өтетіні баршамызға белгілі болды. Оған кәмелет жасқа толған ел азаматтары қатысып, дауыс бере алады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2025 жылды “Жұмысшылар жылы” деп жариялаған болатын. Бұл кәсіптік-техникалық бағыттағы маман иелерінің жұмысына ерекше назар аударылмақ. Енді инженерлерге, геологтарға, кен орнын игеруші мамандарға, ауыл шаруашылығы, көлік және су саласының қызметкерлеріне, ғалымдар мен өнертапқыштарға берілетін құрметті атақтар мемлекеттік марапаттар санатына қосылатын болады. Аталған мамандардың адал еңбегін бағалау, істеріне шабыт сыйлап, алға жетелеуге мүмкіндік бермек.

Өскелең ұрпақты Президент жолдауындағы өзекті, түйткілді мәселелерімен таныстыру, барша білім беру мекемелерінің басты міндеті, – деді Қынатбек Кемельбеков. 

Scroll to Top
Scroll to Top