«Азаматтық қоғам құру туралы түсінік қалыптастыру»

Шымкенттегі Жастар орталығының мәжіліс залында «Азаматтық қоғам құру: сарапшылар көзімен» атты қала жастарымен өткен кездесу жоғары деңгейде өтті. Мұнда 3 мегаполисте құқықтану, саясаттану, экономика, менеджмент, мемлекеттік басқару, журналистика, тарих мамандығы бойынша білім алатын студенттер жиналып, тың бастамалар, жүйелі ойлар, келелі пікірлер ортаға салынды.

Жиынға Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев, Шымкент қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Рустем Әшетаев, BasQaru қоғамдық қорының басшысы Марғұлан Ермағанбетұлы  спикерлік етті. Қазіргі таңда Азаматтық қоғам құру, жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жөнінде қызу талқылаулар болды. Іс-шара ұйымдастырушылары жиналған қауымға азаматтық қоғам құру туралы түсінік қалыптастырып, жастарды оған белсене араласуға шақырды. Басқосу соңында қатысушылар жауаптыларға сауалдарын қойып, жауап алды.

Scroll to Top
Scroll to Top