«Діннің негізгі құндылықтары және діни экстремизмнің алдын алу» бойынша теологтар жастармен кездесу өткізді

Діни экстремизм дүниежүзі бойынша күрмеуі қиын әрі өткір мәселеге айналып отыр. Діннің атын жамылып, ұлттар мен діндер арасына от салудың нәтижесі үлкен қақтығыстарға алып келетіні анық. Әсіресе, ислам дінінің негізін дұрыс түсінбеген жастар жат ағымдардың жетегіне еріп, теріс жолға түсіп жатады.

Осындай мәселелердің алдын алу, жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгін 2024 жылдың 13 қыркүйегінде, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Діннің негізгі құндылықтары және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында білім алушылармен кездесу өтті. Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Қоғамдық келісім» бөлім басшысы Әбдікәрім Нұржан Кеңесұлы, «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлім басшысы Тілләбек Саян Аднабекұлы, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Садықов Бердіқұл Қадырқұлұлы мен студенттер қатысты.

Экстремизм мемлекет тұтастығы мен ұлт қауіпсіздігіне және азаматтардың құқығы мен бостандығына үлкен қауіп төндіретіні белгілі. Діни экстремизм ескерткіш парақшалар, экстремистік әдебиеттер, белсенді миссионерлік қызмет арқылы мәліметтерді тарату және мұсылман мемлекеттерінің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастарды құрамына тарту арқылы көрініс тауып отыр,- дейді теолог мамандар. Сол себептен аталған мәселелердің алдын алу мақсатында жас ұрпақ осы сынды кездесулерді жиі ұйымдастыру қажет екенін түсіндірді.

Жиын барысында білім алушылар жауапты мамандарға дін мәселесіне қатысты пікірталас тудыратын сұрақтар қойып, оларға дер кезінде жауап алды.

Scroll to Top
Scroll to Top