Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 25-жылдығына арналған салтанатты шаралар өз бастауын алды. Бүгінде айтулы дата аясында академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті Оңтүстік-Шығыс Еуропаның жетекші Черноризца Храбра атындағы Варна еркін университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (Болгария). Меморандумның негізгі мақсаты – білім беру, ғылыми зерттеулер мен профессорлық-оқытушылық құрамның, докторантура, магистратура мен студенттердің академиялық ұтқырлығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Меморандумға екі университеттің ректорлары қол қойды: Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің президенті, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Қуатбеков Нұрлан Әбдімұсаұлы, Чернорица Храбра атындағы Варна еркін университетінің ректоры Христов Пeтр.
Алдағы уақытта серіктес университеттер магистратура мен докторантура бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бірлескен ғылыми жобаларға қатысу және бірлескен публицистикалық жұмыстарын жүргізеді. Ынтымақтастық туралы меморандумда профессор-оқытушылар, жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы да қарастырылған.