Бүгінде іргетасы 1999 жылы қаланған білім ордасы 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шараларын атап өтуде. Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” атты салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты іс-шараны Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің президенті, т.ғ.к., профессор Н.Ә.Қуатбеков ресми түрде ашылуымен құттықтап, ұйымдастырушыларға сәттілік тілесті. Ұлтаралық татулықты нығайтуды алға тартқан Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 25-тен астам ұлт өкілдерінен құралған студенттер біте қайнасып білім алып жатыр. Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің құрылудағы ең бірінші мақсаты – Қазақстанда өмір сүріп жатқан сан түрлі ұлт өкілдерінің достығын нығайту. Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде 130-дан астам өзге ұлт өкілдері тұрады. Еліміздің барша азаматы ҚР-да тату тәтті ғұмыр кешуде жан-жақты өз үлесімізді қосуда. Осы ретте ХДУ тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасында қазақ тілін жандандырып, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастырып, дамытып келеміз.
Айтулы мерекеге жастар, аяулы ұстаздар, қадірменді қонақтар шақырылып, керемет кештің куәсі болып қайтты. Аталған іс-шарада университетіміздің талантты, дарынды жастар өнер көрсетіп, мерекені жоғары деңгейде атап өтуге ат салысты