жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шарада үшінші мегаполистегі мемлекеттік және жекеменшік 100-ден астам жұмыс берушіден 4 534 бос жұмыс орны ұсынылды. Айтулы көрмеге академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 2023- 2024 ж.ж бітіріп кеткен түлектермен бітіруші 4 курс білім алушылары қатысып, бос жұмыс орындар туралы мәліметтер алды. Мерекелік жиында қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов бой көрсетті. Сондай-ақ академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің “Жұмыспен қамту және іс тәжірибе” бөлімінің меңгерушісі Шалкеева Айсұлу Анваровна ЖОО педагогика және жаратылыстану білім беру бағдарламалары түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында бос вакансияларымен танысуға шақырды. Жыл басынан бері мегаполисте 30-дан астам бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Нәтижесінде 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларына тартылған.