Бүгін Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында жастармен кездесу өтті. Аталған іс-шараны Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі ұйымдастырды. Оған қалалық ПД қызметкерлері, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлнұр Нұрбекқызы, Жиделі елдімекенінің «Әділ билер» ҚБ төрайымы Орынша Кенжебекқызы қатысты. Маңызды жиынның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың санасында сау отбасы ұғымын қалыптастыру. Басқосуға келген білім алушыларға спикерлер адам өмірінің маңыздылығын, оның құқықтарын атап, өзге азаматтың жеке басына қиянат жасамауға шақырды. Сонымен қатар іс-шара барысында сала мамандары қоғамда белең әйел мен балаға деген зорлық-зомбылық, ажырасу және суицид мәселелеріне жіті тоқталды. Қазіргі таңда 3-ші мегаполистегі жастар ресурстық орталықтарында 18-34 жастағы адамдарға анонимді түрде тегін психологиялық көмек көрсетеді. Мұнда күйзеліс, апатия, суицид, түн ұйқыны бұзып, денсаулыққа кері әсерін тигізіп жатқан жағдайлармен бөлісіп, мамандардан қызмет түрін ақысыз алуға болады. Іс-шара соңы академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері жауаптыларға көкейтесті сұрақтарын қойып, оған дер кезінде жауап алды.