Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің білім алушылары мен профессор – оқытушылары, қызметкерлері ҚР ДС министрлігінің 16 тамыздағы 2024 жылғы нөмірі 7 қаулысының негізінде эпид-сезонға байланысты ОРЗ,ОРВИ жұқпалы респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу мақсатында медициналық орталықтардан келіп тіркеу жұмысын бастады. Сонымен қатар жұқпалы респираторлық вирустың не инфекциясының алдын алу іс шараларын және “Гриппол” екпесін өз еріктерімен қабылдады. Айта кетейік, аталған профилактикалық іс-шаралар тізбегі мезгілдік аурулардың өршуіне байланысты жауапты мамандардың ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіледі.