Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті Быдгощ Жоғары Экономика мектебімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған оқу орны Польшаның ең белді университеттерінің бірі саналады. Келісімшарттың мақсаты екіжақтың білім мен ғылым саласының дамуы мен өркендеуіне атсалысу. Бастысы, еуропалық серіктестеріміз университет-ғылым, өндіріс-коммерцияландыру бағдарламаларын сәтті жүзеге асыратын төртінші буын университеті. Айта кетейік, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті биылғы 2024 жыл басталғалы 2-ші мәрте еуропалық білім ордасымен келісімге отырды.
Атап айтқанда, Оңтүстік-Шығыс Еуропаның жетекші Черноризца Храбра атындағы Варна еркін университетімен ынтымақтастық туралы меморандум түзілген болатын. Мұндағы негізгі мақсаты – білім беру, ғылыми зерттеулер мен профессорлық-оқытушылық құрамның, докторантура, магистратура мен студенттердің академиялық ұтқырлығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Меморандумға екі университеттің құрылтайшылары: Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің президенті, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Қуатбеков Нұрлан Әбдімұсаұлы, Чернорица Храбра атындағы Варна еркін университетінің ректоры Христов Пeтър қол қойды.