Жамбыл облысы Жуалы ауданының 11 сынып оқушылары Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Аталған іс-шара ынтымақтастықты нығайту негізінде жасалған келісімшартқа сәйкес өткізілді. Болашақ студенттер ЖОО-на экскурсияда университеттің тарихы мен жеткен жетістіктері баяндалып, білім беру бағдарламалары, оқу-ғылыми зерттеу кешендері, кітапхана қоры мен оқу залдарын аралады.