31.10.2024 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлімінің ұйымдастыруымен 4-курс педагогикалық білім беру бағдарламасының білім алушылары өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы болып өтті.
Қортынды конференцияға Тәрбие және әлеументтік істер жөніндегі проректор бердіқұл Қадырқұлұлы, Гуманитарлы педагогикалық факультетінің деканы А Купешова, Жаратылыстану инжернелі- факультетінің деканы З.Илесов және кафедра меңгерушілері, іс-тәжірибеге жауапты оқытущылар қатысты.Білім алушылар пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің жұмысын орындағандығы туралы есептерін тапсырды. Қорытынды конференцияда олар жеке мектептерде атқарылған барлық жұмыстарды көрнекі түрде ұсынып, өз есептерін тапсырды.
Конференциядабілім алушылар практика бағдарламасына сай жүргізген жұмыстарының есебін әр мектеп бойынша таныстырып, бейнероликтер түрінде ұсынып, жеткен жетістіктерімен бөлісті.
Талқылау барысында комиссия мүшелерімен бірге әдіскерлер есеп құжаттаманы қабылдап, педагогикалық тәжірибені қорытындылады. Практика жетекшілері мен педагог, психологтар білім алушылардың педагогикалық практика барысындағы кәсіби іс-әрекетін талдап, баға берді.
Білім алушыларымыздың іс-тәжірибе кезінде өздерін білімді жақтарын көрсете білгендіктері не мектеп директорлары алғыс хаттарымен марапаттады. 4 курс білім алушыларының педагогикалық (өндірістік) іс-тәжірибенің ашық сабақтарын және тәрбие сағаттарын ауқымды өзекті тәрбиелік мәні бар тақырып аясында өткізіп, есептік құжаттарының сапалы деңгейде өткізді.