Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қалалық “Таза қала” акциясына қатысты. Шымкенттің экологиялық іс-шарасы аясында университет ауласы күл-қоқыстан тазартылды. Жалпықалалық сенбіліктің мақсаты – үшінші мегаполис тұрғындары бойында тазалық мәдениет қалыптастыру. Қазақта тазалық иманның жартысы деген дана сөз бар. Қоршаған ортаға зиян келтірмей, қоғамдық орындарды қоқыс алаңына айналдырмауға шақырады. ҚР Әкімшілік кодексіне сәйкес көшеде түкіру, қоқысты қоғамдық орында қалдыру сияқты көпшілік пайдаланатын орындарды ластау болып есептеледі. Бұл үшін арнайы айыппұлдар да қарастырылған.