Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік межелеу мәселелері тақырыбында кездесу өтті

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті мен Түркістан облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасымен бірлесе отырып “Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік межелеу мәселелері” тақырыбында кездесу өткізді. Аталған іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Ұлттық-мемлекеттік межелеу қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтіруге бағытталған қадамдардың бірі. Сондықтан еліміздің алғаш өзге мемлекеттермен ортақ шекарасы белгіленуі, экономикалық құндылықтар, халықтың ұлттық-мәдени жағдайына қатысты біршама мәселелер қарастырылды. Жиынға қатысушылар пікірлері мен ғылыми зерттеулерін талқыға салды. Айта кетейік, межелеу нәтижесінде Қазақстанға тиесілі біршама жерлер көршілес мемлекеттердің наразылығымен солардың қарамағына өтіп кетті. Қазақстанның жеке шекарасын қалыптастыруда бұл жайттар ескерусіз қалып қоймай, зиялы қауым өкілдерінің түйіткілді мәселесіне айналып, кейіннен ұлт жанашырлары айыптала басталады.

Scroll to Top
Scroll to Top