18.11.2024 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильдігі орталығы КММ Мансаптық орталығының ұйымдастыруымен солтүстік Қазақстан облысынан арнайы келген делегаттармен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің қызметкерлерімен және бітіруші түлектерде қатысты. Делегаттар ерікті қоныс аудару бағдарламасының артықшылықтары мен мүмкіндіктерін тарыстырды.
Бұл бағдарлама Қазақстанның еңбек ресурстарын тең бөлу, солтүстік өңірлердегі халық санын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында жүзеге асырылатындығын түсіндіре кетті.
Кездесу барысында делегат солтүстік Қазақстан облысындағы тұрмыс жағдайлары, мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдіктер менг қолдаулар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Оның ішінде Жастарды жұмысқа орналасу: Еңбек мобильдігі орталығы әртүрлі саладағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсынылып, жұмысқа орналасуға көмектесетіндігі және кәсіпкерлікті қолдау: өз ісін ашқысы келетіндерге қаржылық және кеңестік қолдау бар екендігін жеке атап өтті.
Кездесу барсында бітіруші түлектер бағдарламаның шарттары мен ұсынылған мүмкіндікьерге үлкен қызығушылық танытты. Түлектекріміз тұрғын үймен қамтамасыз ету, жеке үй немесе пәтер алу үшін субсиядиялар берілетіндігіне қанағаттанды.
Бағдарламаға қатысу үшін түлектеріміз аудандық мансап орталықтарымен байланысып, толық байланыс телефондарын алды.