6В04210-Құқықтану білім беру бағдарламасының білім алушылары «Заң сіз бен бізге ортақ» тақырыбында құқықтық сағатқа қатысты.

21.11.2024 жылы Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында құқық қорғау орган өкілдері білім алушы жастармен «Заң сіз бен бізге ортақ» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағдарламасының аға жедел уәкілі Бауыржан Қарбеков пен Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты-жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Мамандар білім алушы жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, есірткі қылмысының ауыр салдары туралы баяндап, арнайы деректі фильм көрсетті. Кездесу барысында қатысушылар көкейдегі сұрақтарына толық жауап алды.

Scroll to Top
Scroll to Top