Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Заң сіз бен бізге ортақ” тақырыбында қалалық полиция департаментінің, қала прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Аталған іс-шараға Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің құқықтану кафедрасының студенттері барып, сала мамандарының есірткі әлеміне қатысты дайындаған бейнематериалдарымен танысып қайтты. Атап айтқанда, есірткімен өмірін байланыстырып, қазіргі таңда темір тордың артында қамалып отырғандар жайлы қысқаметрлі фильм көрсетілді.
Мұндағы мақсат – өскелең ұрпаққа құмарлықтың соңы жақсылыққа апармайтынын жеткізу.