ХДУ аға оқытушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарға қатысты

14.10.2024 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған оқыту семинары өтті. Аталған семинарға «Тарих және құқық» кафедрасының атынан аға оқытушысы Асилова Ардақ Бекмуратқызы қатысты. Комплаенс қызметтері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды бөлігін құрайды, олардың міндеті-заң үстемдігін, өзара сенім мен ашықтықты қамтамасыз ету.

Шымкент қаласы әкім аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев комплаенс офицерлерінің белсенді жұмысы жемқорлық фактілерін азайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Семинар барысында квазисектор саласындағы қоғаммен байланыс орнатудың тиімді коммуникация дағдылары мен жобалық менеджмент жүйесін енгізудің маңызы туралы тақырыптар талқыланды. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент филиалының доценті Сәуле Рысбаева коммуникация дағдыларын әдіс-тәсілдерін түсіндіріп, қазіргі таңда ашықтық пен айқындық қағидаларының өзектілігін атап өтті.

Scroll to Top
Scroll to Top