2024 жылғы 1-5 желтоқсан күндері аралығында академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университететінің ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор орынбасары тех.ғылымдарының кандидаты, доцент М.И. Ақылбаев пен осы оқу орнының «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Б.Н. Сабенова іс –сапармен Белоруссия елінде болып қайтты.
Іс –сапардың басты мақсаты екі оқу орнының арасындағы жасалған мемрандум негізінде Ф.Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университетінде ғылыми –педагогикалық тағлымдамадан өту және академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алушыларға лекция оқу болатын.
Осы мақсатта М.И. Ақылбаев математика және бағдарламалау технологиясы факультетінің алгебра және геометрия кафедрасының профессоры физика –математика ғылымдарының докторы А.Н. Скибаның жетекшілігімен, ал Б.Н. Сабенова экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент И.В. Бабынның ғылыми жетекшілігмен ғылыми –педагогикалық тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама ағымдағы жылдың 1 қарашасында онлайн режимде басталып, 1-5 желтоқсан күндері аралығында офлайн режимге ауыстырылды.
Сонымен қатар Б.Н. Сабенова осы уақыт аралығында экономика және басқару кафедрасының білім алушыларына лекция оқыды.
Тәжірибе алмасу барысында Белоруссия білім саласындағы көптеген ғылыми жаңалықтар мен озық технологияларды меңгеруге қол жеткізілді. Атап айтқанда бірлескен ғылыми жобалар әзіплеу, онлайн режимде ғылыми семинарлар өткізу т.б. Алгебра бағыты бойынша магистратура, докторантурада білім алуға тілек білдірген жастарды аталған оқу орнына жіберу туралы келісімге келдік.
Іс –сапар барысында университетіміз делегациясы Ф.Скорина атындағы ГМУ –нің ректоры ф-м.ғ.д., С.А. Хахомовтың қабылдауында болып, болашақтағы жоспарлармен бөлісті.
Сапар соңында аталған оқу орнының басшылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ғылыми –педагогикалық тағылымдамадан өткендігін куәландыратын сертификаттарын таыбстады.