2024 жылдың 9-10 желтоқсан күндері Астана қаласында академиялық адалдық форумы өтті 

2024 жылдың 9-10 желтоқсан күндері Астана қаласында академиялық адалдық форумы өтті. Аталған форум білім беру саласындағы адалдық пен әділдік мәселелерін талқылау және сол бағытта жүйелі шараларды қабылдау мақсатында ұйымдастырылды. Форумда академиялық адалдықты қамтамасыз ету, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, студенттердің білім алу процесіндегі әділдік пен ашықтық, сондай-ақ оқу орындарының этикалық қағидаларын сақтау мәселелері қаралды.

Іс-шараға БҰҰ ЕҚБ Орталық Азиядағы өңірлік өкілі О.Штольпе, оқу-ағарту бірінші вице-министрі Н.В. Жұмаділдаева, ғылым және жоғары білім вице-министрі Т.И. Ешенқұлов, Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасы Т.М. Нәрікбаев, Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің мүшелері, сондай-ақ оқу орындарының 60-қа жуық ректорлары қатысты.
Сондай-ақ, халықаралық тәжірибе мен үлгілер негізінде еліміздегі білім беру жүйесінде академиялық адалдықты нығайту мәселелері де сөз болды.

Жиында, Академиялық адалдық Лигасы жұмысының нәтижелері, орта және жоғары білім беруде қабылданатын шаралар, білім беру үдерісін цифрлық трансформациялау, сондай-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибесі таныстырылды.

 

 

 

 

 

 

Форум қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету, тәжірибе алмасу және білім беру саласындағы парасаттылық пен адалдықты нығайту жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттарын талқылау үшін платформалардың біріне айналды.

 

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх