«Тарих және Құқық» кафедрасының профессор оқытушылары заң ғылымдарының кандидаты Исмайлов Атахожа Айдарұлы және Ордаева Айгүл Жұмабердіқызы, Асилова Ардақ Бекмуратовна «А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы» сынып жетекшілері және оқушылармен кәсіби бағыт бағдар беру бойынша кездесуге қатысып, оқушыларға өзінің қабілетіне сай оқу бағдарын таңдауда кеңес беру, соның негізінде болашақ мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту өз үлестерін қосты.
Кәсіптік бағдар берудің мақсаты – мамандық бойынша оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, тәртіптің маңыздылығын түсіндіру және қауіпсіз қоғам құрудағы біздің рөлімізді талқыланды.
Кәсіптік бағдар бойынша оқушылардың сұрақтарына ауқымды түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ұлы ғұламалардың даналық сөздерін тілге тиек етіп, Әділетті Қазақстанды қалыптастыруда әр оқушы «Кемел адам» болуға ұмтылу қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар, Құқық білім беру ғылымдар бағыты бойынша құқықтану мамандығының маңыздылығын аша түсті.
Кәсіптік бағдар жүргізу барысында оқу ордамызды таныстыру бейнеролигі және мамандық бойынша презентация көрсетіліп, оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың жеңілдіктері мен кәсіп түрлері бойынша сауалнамаларына толық жауаптар мен сұхбаттар берілді.