Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының тірек мектебінің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – жастарға сапалы білім беретін жоғары оқу орнын таңдауға көмектесу, сондай-ақ, кәсіптік бағыт-бағдар көрсету арқылы олардың болашақ мамандықтарын таңдауына ықпал ету.
Кездесу университеттің мамандары мен оқытушылары Халықтар Достығы университетінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін таныстырды. Бакалавриат білім беру бағдарламасының жауапты хатшысы Марат Мамадияров пен тәрбие және әлеуметтік істер бөлімінің проректоры Берік Садықов ХДУ-дың білім беру сапасы, студенттерге ұсынылатын жағдайлар мен оқу процесіндегі ерекшеліктер туралы сөз қозғады. Олар сондай-ақ университеттің бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары туралы жан-жақты мағлұмат беріп, жастардың болашақ оқу орнын таңдауда көмектесті.
Кездесуде Халықтар Достығы университеті дарынды жастардың оқуына барлық жағдайды жасауға үлкен көңіл бөлетінін атап өтті. Университетте білім алып жатқан студенттер үшін заманауи оқу құралдары мен ғылыми зертханалар, жоғары білікті оқытушылар мен мамандар, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі білім беру мүмкіндіктері ұсынылады. Әсіресе, университеттің жастарға қолдау көрсету бағытында жасап жатқан іс-шаралары ерекше атап өтілді.
Жаңа оқу жылында “Үздік оқырман” атанған жас түлек “Ректор грантын” жеңіп, бүгінгі таңда университетте тегін білім алуда. Бұл грант жастардың өздерінің оқу мен ғылымға деген қызығушылығын арттырып, білім алу мүмкіндігін кеңейтеді. Университеттің бұл шаралары жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға және олардың болашақта жоғары жетістіктерге жетуіне көмектеседі.
Аталмыш іс-шарада мектеп түлектері университеттің ұсынған мүмкіндіктері мен оқу бағдарламаларына қызығушылық танытып, өздерінің сұрақтарын қойып, келешекте Халықтар Достығы университетінде білім алу мүмкіндігін қарастыруға ниет білдірді.