№41 мектеп түлектері ХДУ мүмкіндіктерімен танысты

Осы аптада  А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің қызметкерлері Шымкент қаласындағы бірқатар  мектептерде үгіт-насихат жүмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, магистратураға жауапты тұлға Марат Мамадияров пен тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Берік Садықтың жетекшілігімен № 41 А.С. Макаренко түлектерге кәсіптік бағдар беру шараларын өткізді.

Кездесу барысында  Халықтар достығы университетінің қабылдау комиссиясы болашақ студенттерді университеттің барлық  білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Сондай-ақ, осы лектегі іс-шаралар аясында бітіруші түлектер университеттің бас ғимаратына шақыртылып, оларға  экскурсия ұйымдастырылады. Мұндағы басты мақсат – болашақ студенттерге білім бағдарламасын  таңдауға көмектесу,  ХДУ мүмкіндіктерімен таныстыру, оның 25 жылдық  тарихы туралы әңгімелеу, сонымен қатар,  атаулы  оқу орнының қазіргі және болашақ ұрпақ үшін маңыздылығы мен құндылығын көрсету.

Scroll to Top
Scroll to Top